GSK ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ
5 наурыз, 2014 жылы жаңартылған
Денсаулық сақтау туралы ақпарат
Бұл вебсайт медициналық жағдайлар және оларды емдеу туралы ақпарат беруі мүмкін. GSK компаниясы осы сайттағы материалдың мақсатты аудиторияның территориясынан тыс жерде пайдалануына үйлесімділігі немесе қолжетімділігі туралы мәлімдеме жасамайды. Бұл сайтқа басқа жерлерден қатынасуды таңдайтындар оны өз еркімен жасайды және оның жергілікті заңдарға сәйкес болуы үшін жергілікті заңдар қолданылатын шамада жауапты болады. Сонымен қатар, бұл сайтта ешнәрсе қандай да бір медициналық кеңес немесе ұсыныс болып түсінілмеуі және қандай да бір шешім немесе әрекетке негіз ретінде сүйенілмеуі тиіс. Нақты медициналық кеңес әрқашан тәжірибелі медицина қызметкерінен алынуы тиіс
GSK компаниясы бұл вебсайтты жаңарту үшін орынды күш жұмсайды, бірақ кейбір ақпарат уақыт өте келе ескіруі мүмкін. Нақтылап айтылмаған болса, GSK осы вебсайттағы ақпараттың нақтылығы, толықтығы немесе пайдасы үшін ешқандай мәлімдеме жасамайды және кепілдік бермейді.
Бұл вебсайтта қоғам мүшелеріне арналған жеке бөлім, науқастарға арналған жеке бөлім және денсаулық сақтау мамандарына арналған жеке бөлім бар. «Денсаулық сақтау маманы» - өзінің кәсіби әрекеттері барысында дәріге немесе медициналық құрылғыларға рецепт жаза алатын, жеткізе алатын немесе әкімшілік ете алатын адам болып табылады. [Жергілікті кодекстер мен саясаттарға сәйкес басқа да тиісті денсаулық сақтау қызметкерлеріне сілтеме жасалуы мүмкін]
Қоғамға арналған бөлім Қазақстан қоғамына GSK дәрілеріне, соның ішінде бірақ онымен шектелмей, рецепт арқылы берілетін дәрілерге қатысты ақпарат беру үшін кітапхана ресурсы ретінде жасалған. Қоғамға арналған бөлімде нақты науқасқа ғана арналған беттерге қатысты дәрілерге рецепт жазылған науқастардын беттері бар. Ол беттер сайттың навигациясынан жасырылған күйде болады, оларға тек нақты дәріге рецепт жазылғаны расталған қоғам мүшесі қатынаса алады.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МАМАНДАРЫНА ҒАНА АРНАЛҒАН: Мақұлданған рецепт жазу туралы ақпараттың барлық дәрілердің тиісті түрде пайдалануына нұсқау беруі қажеттігін ескеріңіз. Қандай да бір дәріге рецепт жазудың алдында денсаулық сақтау мамандары өз еліндегі сол дәрінің мақұлданған рецепті туралы ақпаратты есепке алуы тиіс.
Гипермәтін сілтемелері
Бұл вебсайт сізді интернеттегі басқа вебсайттарға, соның ішінде GSK еншілес компанияларының өз елдеріндегі вебсайттарына бағыттауы мүмкін. Сіз бағытталатын қандай да бір басқа GSK немесе үшінші тарап сайтының заңды және құпиялылық саясаты бөлімдерін міндетті түрде оқыңыз. GSK компаниясы қандай да бір үшінші тарап вебсайтындағы кез келген ақпарат немесе пікір үшін жауапты болмайды, ұсыныс бермейді және жауапкершілік көтермейді.
Зияткерлік меншік
Осы сайттағы материалдардың барлық зияткерлік меншік құқықтары GSK компаниялар тобының иелігінде болып табылады немесе, басқасы көрсетілмеген болса, оларға бұндай материалды пайдалануға рұқсат берілген. Келесі жағдайларды қоспағанда, толық мазмұнды немесе оның бөлігін кез келген түрде көшіруге тыйым салынады.
Бұл вебсайттағы материалдарды өзіңіздің жеке және коммерциялық емес қолданысыңыз үшін көшіруіңізге болады, бірақ бұл вебсайтты материалдың көзі ретінде көрсетіп, “© GSK компаниялар тобы, барлық құқықтары қорғалған” авторлық құқық мәлімдемесін қосуыңыз қажет. Ерекше түрде көрсетілмеген болса, материалды басқаша пайдалануға рұқсат етілмейді.
Осы вебсайттағы ескертпе GSK компаниялар тобының немесе қандай да бір үшінші тараптың кез келген зияткерлік меншігі (соның ішінде патенттердің, сауда белгілерінің және авторлық құқықтың) шеңберінде кез келген лицензия немесе құқық беру болып түсінілуі қажет.
GSK компаниясы осы сайтта пайда болатын кез келген үшінші тарап сауда белгілерінің иелігіне немесе тиістілігіне ұмтылмайды. Бұндай үшінші тарап сауда белгілері тиісті иелерінің өнімдерін және қызметтерін анықтау үшін пайдаланылады және GSK компаниясының сол сауда белгілерін пайдалануы үшін демеушілік немесе қолдау туралы тұжырым жасалмауы тиіс.
Ақпаратты пайдалану
Пайдаланушылармен хабар алмасу немесе интернет арқылы жіберілген, GSK вебсайтында немесе басқа жерде жарияланған басқа да материалдар (GSK Құпиялылық саясатына жататын жеке және/немесе денсаулыққа қатысты ақпаратты қамтитын) құпия емес және меншікті емес болып саналады және GSK компаниясы бұндай ақпаратқа қатысты қандай да бір жауапкершілік көтермейді. GSK компаниясы бұл ақпаратты көшіру және жариялауды қосқанда, өзі тиісті деп санаған кез келген мақсатта еркін пайдалана алады, бұндай ақпаратта қамтылған идеяларды, бейнелерді, атқарымдарды немесе техникалық әдістерді мүлдем кез келген мақсатта, соның ішінде коммерциялық мақсатта, пайдаланушыларға оны жасағаны үшін ақы төлемей пайдалана алады.
Құпиялылық
GSK компаниясы вебсайтына кірушілердің құпиялығын құрметтейді. Бұл вебсайтта жарияланған ақпаратқа қатысты құқықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіз бойынша түсініктеме алу үшін GSK компаниясының Құпиялылық саясатын қараңыз.
Мәмілеге шақыру болып табылмайды
Бұл вебсайтта ешнәрсе GSK компаниясының құнды қағаздарына немесе АДТ-леріндегі инвестицияға немесе мәмілеге шақыруы немесе ұсынысы болып табылмайды. Нақтылап айтсақ, нақты нәтижелер мен жағдайлар осы вебсайтта көрсетілген қандай да бір болжамнан, пікірден немесе болжалдан материалды түрде өзгеше болуы мүмкін және құнды қағаздар бағасының өткен көрсеткіштері олардың келешектегі көрсеткішеріне негіз ретінде алынбауы тиіс.